АҚСУКЕНТ: «СӘТ САПАР, ЖАС МАМАН-2022»

Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі бітіруші түлектерге диплом табыстау кешін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: жас маман иелеріне құжаттарын салтанатты түрде табыстау. Маман иелеріне сәттілік тілеп, үлкен өмірге қадамдарын нық басуға үлкен серпіліс беру.

Салтанатты кешіміз көңілді ән, бимен бастауын тауып, бітіруші түлектерімізді тебірентіп тастады.

Колледжіміздің директоры Нұргүл Жақсылыққызы Нұрекенова бітіруші жас маман иелеріне сәтті сапар тілеп, білім үздігі атанған «Үздік» білім алған түлектерімізді марапаттап, ата-аналарына алғыс айтып, ата-аналарға алғыс хатын ұсынды. Жәй үлгідегі диплом иегерлеріне құжаттарын салтанатты түрде табыстады.

Колледждің туын көтеріп Түркістан облысының дәстүрлі түрде өтілетін «Worldskils Turkistan-2022» чемпионатында I және II орын алған, үздік кәсіп иесі медальонымен оралған студенттерімізді және колледжіміздің қоғамдық іс-шараларына белсенділік танытып, «Sanaly urpaq» жемқорлыққа қарсы зертханасының белсенді жастарын жақсы жұмыс жасағаны үшін марапаттады.

Колледж басшысы Нұргүл Жақсылыққызы Нұрекенова ата-аналарға келген қадірменді қонақтарға ерекше алғысы мен ілтипатын білдіріп, түлектеріміздің ата-аналарына бас иіп құрмет көрсетіп, түлектерге аналық жылы лебізін білдірді.

  • Қайраң студенттік кездер-ай. Зымырап өте шыққан балалық бал дәурен шақ, жас мамандарымыз үлкен өмірге қадам басқандарына қуанышты.

Білім сарқылмас қазына, ал білім алу ол үлкен сауапты іс, бүгін маман атанған жас маман иелеріне тек сәттілік серік болсын дейміз. Алар асуларыңыз көп болып, жақсы беделі биік азамат пен азаматша болыңыздар. Жаңа Қазақстанның жаңашыл әрі бастамашыл маман иелері болып, біздер мен сіздер үміт күтіп отырған жаңашыл елдің тірегі болуларыңызға тілектеспіз.

Ақ жол Сіздерге жас мамандар. Үлкен өмірдегі сапарларыңыз сәтті болсын,-деді колледж басшысы.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.