Адами әлеуетті дамыту басқармасы апта ішіндегі атқарған жұмыстарына шолу жасады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері (қыздар арасында волейболдан) Ұлттық спорт лигасы өтті.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті. Онда өңірдің әр аймағынан келген азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
«2022 жыл — Балалар жылы» аясында «КазРоботикс» федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастырумен «КазРобоСпорт-2022» чемпионатының облыстық кезеңі Төлеби ауданы «Балдаурен» сауықтыру орталығында өтті.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы аппарат жиналысын өткізді. Бас қосуға аудандық білім бөлімдерінің басшылары және барлық білім беру мекемелерінің директорлары, басқарма қызметкерлері қатысты.
Басқарма тарапынан «Педагог кадрлар тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары пакеті бар үздік педагогтарды тарту қағидаларына» сәйкес бос педагог лауазымдарына конкурс жарияланды.
Түркістанда алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, қызметкерлері арасында республикалық спартакиадада Түркістан облысының ұстаздары топ жарғанын еске саламыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.