Түркістан агроколледжінде алға жылжу бар

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара республикадағы аграрлық салада мамандар даярлайтын техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен Агрономия, Ветеринария, Ауыл шаруашылығын механикаландыру және қайта өңдеу мамандықтары бойынша дәріс беретін арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналды.

«Talap» КеАҚ мен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Talap» КеАҚ, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, колледжді сенімгерлік басқаруға алған «DALA FRUIT KZ» ЖШС мен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі бірлесе отырып өткізген шараға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайымұлы, «Talap» КеАҚ президенті Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Атамекен» Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы басшысы Нақыпбеков Тимур Арсенұлы, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция жұмысы мынадай бағыттағы 3 секцияда жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, олар: 1. Кәсіптік білім саласын дамытудағы өзекті мәселелер (аграрлық салаға кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың қазіргі жағдайы және перспективасы, оқытудың дуалдық жүйесі, AgroSkills чемпионатын және демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру мәселелері);
2. Академиялық дербестік — колледж бен кәсіпорынның тиімді әріптестігі (академиялық дербестік аясында кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу үрдісін ұйымдастыру);
3. Аграрлық саладағы ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізудің жолдары (өсімдік шаруашылығы, ветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру т.б. ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мен өндіріске ендіру жолдары).
Конференцияға аграрлық сала бойынша 100-ге жуық зерттеулер мен ғылыми жұмыстар ұсынылды. Секцияда ұсынылған ғылыми жұмыстар мен баяндама жасаған қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. How to track the location of the other person’s phone without their knowledge? You will be able to track and monitor text messages, phone calls, location history and much more. Free Remote Tracking and Recording of Husband’s Phone Cell Phone Spy. Best Apps to Download for Free to Spy on Another Phone. https://www.xtmove.com/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.