«AMANAT»: ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА 150 — ДЕН АСТАМ КІТАП ТАРАТЫЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен инклюзивтік білім беру моделін құру мақсатында 150-ден астам кітап үлестірілді.
“Ерекше балалар. Мінез-құлық қолданбалы талдауға кіріспе” атты оқулық ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандарға, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.Кітап шетелдік білікті психологтар мен сарапшылардың еңбегінен қазақ тіліне аударылған.
Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева, салаға жауапты басқарма басшыларының орынбасарлары Н.Нұрлыбаев және Н.Нұрашов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында акциялар өткізіп, нәтижелі істерді атқарып келеді. Мәселен, кедергісіз орта қалыптастыру бойынша облыстық партия филиалы 260 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай емес объектілерді анықтап, олардың талаптарға сай болуына атсалысты. «AMANAT» партиясы «Болашақ» корпаративтік фондымен бірге Ольга Мелешкевич пен Юлия Эрцтің еңбегінің қазақ тіліне аударылған нұсқасын білім мекемелеріне, жоғарғы оқу орындары және оңалту орталықтарына үлестіру көзделуде. Түркістан облысына оқулықтың 154 данасы жетізілді. Бұл кітаптың жаңа технологиялық әдістемелік құрал ретінде балалардың түзету бағдарламасына өзіндік пайдасы мол, — деген Б.Дәулетұлы кітаптарды жауапты сала өкілдеріне табыстады.
Түркістан облысында ерекше білімді қажет ететін 26 мыңнан аса бала болса, оның 10 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі балалар. Осы орайда “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, кедергісіз орта құру және білім мекемелерінде инклюзивті орта құру бойынша 3 бағытта жұмыс істейді.
Үшінші бағыт аясында партияның қолдауымен 2019 жылы «Дара» қоры арқылы Түркістан қаласында үш мектепте инклюзивті орталық ашылған болатын. Солардың бірі — Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінде орналасқан Түркістан қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Бұл жерде қазіргі таңда 79 бала жеке түзету бағдарламасы бойынша сабақ алуда. Жиын қатысушылары орталықтың жұмыс барысымен де танысты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.