Шымкентке Германия, Украина елдерінен гуманитарлық көмек жеткізілді және олардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыруда.
Бүгін Жұмысшы топ гуманитарлық көмек ретінде Германия және Украина елдерінен жеткізілген медициналық тауарлар мен дәрілерді есептеп, ауруханаларға жеткізілуін қамтамасыз етті.
Басты мақсат – тауарлар мен дәрілердің денсаулық сақтау мекемелеріне уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Жалпы алғанда, гуманитарлық көмек ретінде мегаполиске Германия және Украина елдерінен 720 медициналық бетперделер, 170 меропенем-виста, 3240 левофлоксацин-новофарм, 7 ибупрофен жеткізілді.
Әр тауарға үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында «тегін» деген мөр басылды.
Айта кетейік, кез-келген азамат дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының жоғарылауына және жетіспеушілігіне қатысты шағымдары мен ұсыныстарын 8702 000 24 94, 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне фото және бейне материалдармен жолдай алады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.