АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қарасты               «С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл» бағытындағы іс — шаралар жоспарына сәйкес, мектептің педагог-психологтары «Есірткісіз болашақ» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Мақсат:Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын -алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Өз денсаулығының бағалы байлық екеніндігіне жағдай жасау.

Мінберге шығып сөз алған ұстаздар: Елімізді көркейту, оны келер ұрпаққа жеткізу осы болашақ жастардың қолында. Бірақ та осы жастарымыз дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүр,-деп бастады баяндамаларын.

Мамандар «адам денсаулығына зиянын тигізетін әсіресе жат нәрселерден аулақ болғанымыз жөн» деді. Енді оларға не жататынына келер болсақ: темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну.

Есірткіні ажал апаны деп бекер айтпаса керек. Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы,-деді псхолог мамандар.

Ұйымдастырушылар төмендегідей мәліметтерді де келтірді. БҰҰ мәліметінше, әлемде есірткіге ең құмар халық АҚШ-та тұрады. Бұл мемлекеттегі 28,6 млн адамның зиянды әрекетке әуестігі бар. Мұнда дозаны артық қабылдаудың кесірінен жылына 200 мың адам ажал құшады. Олардың көбінің жасы 23-ке де жетпейді екен.

Нашақорлық – ілгеріде айтып кеткеніміздей, адам баласының денсаулығына орасан зардабын тигізеді. Сол сияқты есірткі бизнесімен күрес қазір халықаралық сипатқа ие болып отыр. Ол әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігі алдында тұрған үлкен мәселе. Қазақстанда есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату әрекеттеріне заңды түрде тыйым салынған. Сол сияқты бүгінгі күнгі бас ауыртар жағдаяттардың бірі ретінде кәмелет жасқа толмаған балалардың еліктеп есірткі затына үйір болуын айтса болады. Жеткіншектердің нашақорлыққа салынуы соңғы жылдары күрт көбейіп, оған қатысты қылмыстардың саны да еселеніп өсуде.

Жиналған оқушылар мен олардың ата-аналары мамандардың ұсынған мәліметін мұқият тыңдады. Ата-ана баласына көз қырын сала ж.ретінін айтып тарқасты. Ал, оқушылар  бұл жаман әдеттен бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстану әлде қайда тиімді екенін айтады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.