Сарыағаш: АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА — “ЖасSTAR” ЖОБАСЫ

Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, жастар арасындағы мәдениетті дамытуға жәрдемдесу, жас дарындардың шығармашылығын дәріптеу, достық қарым-қатынас орнату және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ЖасSTAR» жобасының ашылуы өтті. Жоба барысында жиналған тұрғындар тек ән тыңдап, билеп қана қоймай, қызықты жайдарман ойынын тамашалады.
«Жеті Жарғы» қоғамдық қоры жобасы аясында «Open air» форматында мотивациялық фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай Альжанова жобаға қатысушылар және аудан тұрғындары арасында билеттер таратып, таңдалған билет нөмеріне қарай сыйлықтар үлестірді.
Аталған жоба жаз маусымында аптасына бір рет ұйымдастырылатын болады. Жоба аясында жаз маусымы аралығында спорттық сайыстар, мерекелік кештер, интелектуалдық ойындар, караоке, отандық фильмдер жастарға ұйымдастырылатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.