Аттестат тапсыру жиыны өтті

Бүгін Келес ауданында барлық білім мекемелерінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Биыл оқу жылында ауданымыз бойынша 2087 түлек мектеп бітірді. Олардың қатарында 55 түлек «Алтын белгі» иегері бар. Түлектер арасында әлемнің үздік университеттерінен шақыру алған шәкірттеріміз барын мақтан етеміз.
Мектеп бітіруші түлектерге аттестат беру салтанатты іс-шарасына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.
Келестік білімді, дарынды жастарға ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.