Шымкентте «Қала күні» мерекесі қарсаңында «AZALA Textile» фабрикасы өндірісін кеңейтті. Өндірістік қуаттың ұлғаюына байланысты мұнда қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Фабриканың салтанатты іс-шарасына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпорынға табыс пен өркендеуді тіледі.
–Баршаларыңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр,-деп бастады шаһар басшысы. — Бүгін шырайлы Шымкент қаласының туған күні қарсаңында «Azala Textile» фабрикасының тігін өндірісінің кеңейтілуіне байланысты салтанатты іс шараға қатысып отырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып, кәсіпорын басшысына қаламыздың экономикасының дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдіріп, тағы да шын жүректен құттықтаймын, -деді қала әкімі.
«Azala Textile» ЖШС – Шымкент қаласындағы толық циклдегі жалғыз тоқыма комбинат. Тігін өндірісін кеңейту үшін фабрикаға қосымша 200 млн. теңге инвестиция құйылып, 80 жуық тігін машинасы орнатылыпты.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдары, медициналық төсек –жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді. Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей елінің маталарынан кем түспейді.
Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.
Тілге тиек етейік, «AZALA Textile» тоқыма өндірісі мақта-мата киім маталарын — бөз, миткаль, ені 155-ден 320 см-ге дейінгі атлас, киетін-твилл, дрилл, ені 160 см жартылай панама және орамал түкті, вафельді топтарды дайындайды. Мұнда жылына 35 млн шаршы метр мата өндіріледі.
Айта кету керек, барлық құрылғы компьютерлік бақылау және жұмыстың белгіленген параметрлерін реттеу жүйелерімен жабдықталған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Samsung mobile phones have always been one of the most popular brands in the market with a variety of features, voice recording being one of them.
MyCellSpy es una poderosa aplicación para el monitoreo remoto en tiempo real de teléfonos Android. https://www.mycellspy.com/es/tutorials/how-to-install-spy-app-to-track-someone-phone-for-free/