
«23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер» күніне орай бүгін Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлері бірігіп, өңірдегі балалар үйлерінің 156 тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы «FONTAN» аквапаркіне апарып, ерекше қуаныш сыйлады. Аталған игі бастамаға «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы», «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы», «Балаларды қолдау орталығы» тәрбиеленушілері қатысты. Мақсат — балалардың уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттау. Ең бастысы, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне естен кетпес көңіл-күй сыйлау! Мерекелік шара аясында қатысушылар бассейінге түсіп, түрлі тәттілерден дәм татып, ерекше әсерге бөленді.
Айта кетейік, «2022 жыл — Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Балаларға қуанышты күн сыйла!» атты бұл шара аймақтағы мемлекеттік қызметшілер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
237675 133023There will probably be several entirely different portions about the LA Weight reduction eating strategy and 1 is genuinely important. Begin stage is your in fact truly of these extra load. weight loss 780468