БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қосағаш» жалпы орта білім беретін мектебінде 16.06.2022ж бітіруші түлектеріміздің аттестат тапсыру рәсімі болып өтті .
«Қосағаш» жалпы орта мектебі бойынша 33 оқушы бітіріп, оның 1-і «Алтын белгі» иегері болды.
Білім ордаларындағы салтанатты шараға «Қазығұрт» аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Уисимбаев Асан Тлеубердіұлы ZOOM платформасы арқылы қатысып,ұйымдастырылған іс- шараға оң бағасын берді.
2021-2022 оқу жылының бітірушілердің аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Мектеп директоры Сайлауов Сейткерім бітіруші түлектерге өзінің ізгі тілегін білдіріп аттестат табыстады.
Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап — өсірген ата — аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата — аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспіз.
Жиын соңында бітіруші түлектеріміздің ата-аналары балаларымызға ақ жол тіледі!!!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.