
26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күні.
Сарыағаш қала аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындарға ғасыр індетіне айналған есірткінің зияны мен зардабы түсіндіріліп, тұрғындарға брошюралары таратылды.
Жастар үн парақшаларын тарату барысында “Есірткіге ЖОҚ деп айтуға тұратын 10 себеп қандай?”, “Нашақорлықтың салдары”, “Есірткіден қалай бас тартуға болады”, “Бас тарту тактикасы” жайлы халыққа түсінік берді.
Бәрі өз қолыңда: Есірткі тозағынан өзіңді сақта!