Түркістандық оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын асфальтқа сурет салу байқауына қатысты

Түркістан Оқушылар сарайында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын «Есірткісіз болашақ» «Нашақорлыққа жол жоқ» атты қалалық асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Л.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Есiрткi кылмысына карсы iс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан Оқушылар сарайы ұйымдастырды.
Шараға Түркістан адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
«Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады»- деп ағылшын жазушысы, суретші Джон Рескин бекер айтпаған. Қиялдарына қанат бітірген балалар тамаша туындыларды дүниеге әкелді.
Тартысты жарыста әділ-қазылар өз төрелігін жасап, жеңімпазды анықтады.
Нәтиже бойынша:
І орын — №1 А.Байтұрсынов мектеп-лицейі
ІІ орын — №15 М.Жұмабаев мектеп-гимназия
ІІ орын — №6 М.Мәметова атындағы ЖОМ
ІІІ орын — №19 Төле би атындағы ЖОМ
ІІІ орын – М.Әбенова атындағы ЖОМ
ІІІ орын – С.Рахимов атындағы ЖОМ
«Ерекше туынды» номинациясымен — №8 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ
«Ұйымшыл ұжым» номинациясымен — №5 Ғ.Мұратбекова атындағы ЖОМ
«Позитивті көзқарас» номинациясымен – Е.Иззатуллаев атындағы ЖОМ
«Ең кретивті жұмыс» номинациясымен — №24 М.Шоқай атындағы ЖОМ
«Қызықты шығармашылық шешім» номинациясымен — №10 Әл-Фараби атындағы ЖОМ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.