Келес ауданы: білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары басты назарда

Соңғы жылдары білім мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеуіне баса назар аударылып жатқандығы қуантады. Сондықтан мектептердегі жөндеу жұмыстарын тұрақты түрде бақылап, жұмыс барысымен танысып тұру керек.
Қазіргі таңда Келес ауданының білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
№26 Келес жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым 60 адамды жұмыспен қамтып, барлық жұмысты мерзімнен бұрын аяқтады.
№28 Мақташы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының бастапқы кезеңі жүргізілуде. Ауылда бала санының өсуін ескерсек қосымша ғимаратқа деген қажеттілік арта түспек. Сондықтан тиісті жұмыстар белгіленген мерзімде сапалы аяқталу қажеттігін ескерттім.
Айта кету керек екі мектепке де «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.