Келес ауданы: Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

Келес ауданында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балауса балғын балалық шағым» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудан орталығындағы Жеңіс саябағында өткен мерекелік шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
«Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» — деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам бассын. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Сендер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр» — дей келе аудан басшысы Ақментай Үсенұлы бүлдіршіндерге бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тіледі.
Мерекелік шараға аудан аумағындағы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер ата-аналарымен қатысты. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы да аталған шараға қатысып, өз ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар жас бүлдіршіндер өздері білетін әндерді шырқап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. How to track the location of the other person’s phone without their knowledge? You will be able to track and monitor text messages, phone calls, location history and much more. Free Remote Tracking and Recording of Husband’s Phone Cell Phone Spy. Best Apps to Download for Free to Spy on Another Phone. https://www.xtmove.com/

  2. urveillez votre téléphone de n’importe où et voyez ce qui se passe sur le téléphone cible. Vous serez en mesure de surveiller et de stocker des journaux d’appels, des messages, des activités sociales, des images, des vidéos, WhatsApp et plus. Surveillance en temps réel des téléphones, aucune connaissance technique n’est requise, aucune racine n’est requise. https://www.mycellspy.com/fr/tutorials/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.