Кентауда Абай мұрасына тағзым жасалды

Loading

Кентау қаласында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған тағылымды іс-шара өтті.

Абай күніне орай ұйымдастырылған рухани шара ұлы ақынның ескерткіші алдында өтіп, халқымыздың рухани темірқазығына айналған Абай мұрасына тағзым етуге арналды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері және қала жастары қатысты.

Іс-шара барысында Абайдың ұлт болмысы, білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік пен ел бірлігі туралы терең ойларының бүгінгі қоғам үшін де маңызы зор екені атап өтілді. Қатысушылар ұлы ойшылдың рухына тағзым етіп, Абайдың өнегелі өмірі мен өлмес шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Салтанатты рәсім соңында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ұлы ақынның рухына құрмет көрсетілді.

Абай мұрасын ұлықтауға арналған мұндай тағылымды шаралар ұлттық руханиятты дәріптеп, жас ұрпақтың әдебиет пен мәдениетке қызығушылығын арттыруға, ұлы ойшылдың өнегесін кейінгі буынға жеткізуге ықпал етеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You