Кентауда шомылу маусымы қатаң бақылауда!

Кентау қаласына қарасты өзен-көлдер жағасындағы суға түсетін орындарға Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі, Қалалық ішкі істер бөлімі және қалалық прокаратура қызметкерлері бірлесіп арнайы рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейдтің мақсаты:

Ата-аналар мен балаларға суға түсуде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіру.

Балаларды қараусыз қалдырмау, суға түскенде арнайы құралдардың болуы.

Жағадағы жасөспірімдердің күннен қорғайтын бас киімнің болуы.

Қандайда бір дене жарақатын алып қалмауын қадағалау.

Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімің басшысы Б. Жұмабаев түсіндіру жұмысына арнайы қатысып ата-аналарға «Бала — қоғамның басты байлығы» екенін, келеңсіз оқиғаның орын алмауының барынша алдын алуға ата-аналар жауапты екендігін баса назарда ұстауға үндеді.

Қауіпсіздікті сақтауға үндейтін парақшалар таратылды.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.