Кентаулық жас жүзушілер Ташкентте топ жарды

Loading

Кентаулық жас спортшылар халықаралық жарыста жүлделі орындардан көрініп, қаланың спорттағы жетістігін тағы бір мәрте танытты. Өзбекстан астанасы Ташкентте ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған жүзуден ашық чемпионат өтіп, оған еліміздің әр өңірінен және көрші мемлекеттерден 300-ге жуық жас спортшы қатысты.

Халықаралық деңгейдегі додада Кентау қаласының жас жүзушілері “Ali Swimming Club Kentau” командасының сапында бақ сынады. Жарыс барысында спортшылар жүзудің түрлі бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысында кентаулық жүзушілер 2 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 12 жүлдеге ие болды.

Бұл нәтиже — жас спортшылардың жүйелі жаттығуы мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушылардың кәсіби еңбегінің нәтижесі. Кентаулық жүзушілердің халықаралық додадағы жетістігі қалада балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You