М.Әйтенов: «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» сәтті орындалып келеді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын» орындауда қалада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.  

«Биыл қаламызда «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20 пайызға, денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті»,-деді қала әкімі.  Ол өз сөзінде халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет екенін айтты. Және осы ба,ытта Шымкентте биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланғанын тілге тиек етті.

«Инвестиция көлемі – 52,3 млрд теңгені құрап, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын ісске қосылды»,- деді қала әкімі.  

Жалпы Шымкент қаласында 2022 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 23,3 пайызға өсіп, 216867 теңгені құрады.  Айта кетейкі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың әл-ауқаты мен әлеу­меттік жағдайы мемлекеттің басты назар­ында болуы керек екенін үнемі айтып отырады. Осы орайда, Үкімет 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасын бекіткен болатын. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың тұрмысын жақсарту  және әлеуметтік-еңбек саласында тәсілдерді жаңалау үшін әзірленді. Құжат  бірінші кезекте, халықтың нақты табысын арттыруға  және жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Ол жүйелі индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы  іске асырылады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау, ірі кәсіпорындар жанынан шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау арқылы ұлғайту жоспарланған.

Бұған қоса бағдарлама аясында еңбек табысының айырмашылығын қысқартуға және халықтың сатып алу қабілетін арттыруға көңіл бөлінеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.