МАҚТААРАЛДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу – құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата – аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алады?!

Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара.

«Мектепке жол» акциясы ағымдағы жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтетіндігін хабарлай отырып, аудан халқын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық көмек көрсету.

Акцияның ұраны: «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық».

Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.

Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.

Мұқтаж жандарға көмектесуді, сондай-ақ демеушілік көрсетуді қалайтын кез-келген азамат бөлімнің колл орталығы 2-10-50 байланыс телефонына хабарласа алады. Бүгінде көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталуда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 724 Comments