Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс- мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Іс-шараның басты мақсаты мектеп оқушыларының отансүйгіштік- патриоттық сезімін арттыру, экологиялық білім мен тәрбиеге баулу, жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір-салтын қалыптастыру.
Аудандық» Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің балаларды жазғы сауықтыру алаңында «Жазғы демалыс-көңілді» атты іс-шара «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастырып, Мақтаарал ауданы Жайдарман филиалының директоры Нұрсұлтан Талипов іс-шара барысында, балғындардың демалысын қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін, өнерін аямай жұмсап, ойындар ұйымдастырып, ән айтқызып, би-билетіп, көңіл-күйлерін көтеріп, түрлі сый-сияпаттар табыстады. Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Кеттебек Дәурен оқушыларға ұлттық болмысымызды сақтау, рухани адамгершілік және патриоттық тәрбие беру секілді жылы лебізін білдіріп, өз өнерлерін көрсетіп, білімділігімен, тапқырлығымен, жасампаздығымен көзге түскен оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік берді. Сондықтан ұстаз- тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.