МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ 30-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Қаламыздағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шара білім ұясында 12-тамыз күні сағат 11.00-де тағы да өткізілмек.

Шарада Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, оқушыларға үздік оқуға тілектестік білдірді.

Мектеп директоры Жаңыл Орынбаеваның айтуынша, Сұлтан Атымтаев пен қалалық мәслихаттың депутаты Ақиқат Абдуллаевтың демеушілігімен оқушыларға оқуға қажетті сөмке, дәптер, аяқ киім және мектеп формасы табысталды. Сондай-ақ, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының депутаты Инара Намазбаева түркістандық бірнеше оқушыға мектеп формасын сатып алу үшін қаржылай қолдау білдірді. Аталған мектептің түлегі екенін айтқан Инара Әбдіғаппарқызы оқушыларға білімді азамат болыңдар деген ізгі тілегін арнады.

Негізінен акция қала көлеміндегі барлық мектептерде кезең-кезеңімен жалғасын табады. Акция мерзімі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы аясында Түркістан Қаласы Әкімдігі, «Аmanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы және кәсіпкерлердің демеушілігімен көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар ұсынылатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.