Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда жауапты іс. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.
Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстандық демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Қызметтеріңіз бен мемлекеттік қызметке деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Ізгі ниетпен
Мақтаарал ауданының
адами әлеуетті дамыту
бөлімінің басшысы
М.Серикбаев

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.