Жаналык 2

ҚАРАҒАНДЫ. 1 маусым. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Арқа төсіндегі әуе айлағына саяхат ұйымдастырды. Балаларды қорғау күні қарсаңында бұл өскелең ұрпақ үшін тамаша тарту болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қарағанды әуежайы күн сайын әдетте он шақты ұшақ ұшырып, соншасын қабылдап алады. Бірақ жаз айларында олардың саны арта түседі. Балаларға жолаушылар ұшаққа отырғанға дейін жүргізілетін барлық шаралар таныстырылып, олар ұшу алаңында тұрған ТУ-154 ұшағына дейін саяхаттады. Осы жерде балалардың біразы өскенде ұшқыш, әлде стюардесса болу туралы армандарын айтып қалды.

Қарағанды әуежайының жұмысын күн сайын жиырмадан астам қызмет түрлері қамтамасыз етеді. Балалар ұшақтар мен арнайы техникалар жөнделетін ангарларды да өз көзімен көріп, жұмыс барысымен танысты.

«Сарыарқа» әуежайы халықаралық әуежай мәртебесіне сонау 1992 жылы ие болған. Қазір бұл жоғары техникалық мүмкіндіктерге ие заманауи кешен.

Саяхат соңында әуежай ұжымы балаларға естелік сыйлықтар сыйлады.

Қайрат Әбілдинов.

Ad Widget

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.