2019 жылдың 09 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Монтаев Талғат Оралұлы – Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары; Маткеримов Өтепбай Амалбекұлы – Аудандық мәслихаттың депутаты; Керімбеков Мырзахан – Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; Әміров Айбек Пірімжанұлы – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының сарапшысы қабылдап, өтініш иелерін тыңдады. Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, жолға тас төсеу және ауыз су мәселесі, жер учаскесінің сату-сатып алу келісім-шартын нотариалды рәсімдеудің жолдары жөніндегі сұрақтар көтерілді. Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті.
«ANYQ.KZ» — ақпарат