Облыс оқушылары арасындағы «Облыс тарихы» керуен – шеруі

Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасында белгіленген тапсырмаларды іске асыру және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 16.06.2022 жылғы №221 бұйрығына сәйкес «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен облысымыздың мәдени,тарихи мұраларын дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу мақсатында облыстағы аудандық білім беру ұйымдары арасында 2022 жылғы 22-26 маусым күндері «Облыс тарихы» керуен-шеруі Бәйдібек, Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласында өткізілді.
1. 23.06.22 жылы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Азиз және Қара Бура кесенелері;
2. 24.06.22 жылы Бәйдібек ауданындағы Ақ мешіт үңгірі, Домалақ ана кесенелерін және Түркістан қаласындағы Гаухар ана, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерін, Керуен сарай мәдени ойын-сауық орталығын аралап, қатысушыларға мәліметтер берілді.
3. 25.06.22 жылы байқаулар өткізілді: көрген жерлердің әсерінен қылқаламмен салған суреттер, викториналық сұрақтар сайысы. Осы күні сағат 16.00-де қатысушылар марапатталды.
Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан әлеуметтік статусқа ие отбасынан 10 оқушы қатыстырылып, қазылар алқасының шешімі негізінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаз деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар белгіленіп, диплом, алғыс хат, қаржылай сыйақылар мен сертификаттар тапсырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.