ОБЛЫС: ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді.

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалау 1-20 балл аралығында болады. Онда кандидаттың білім деңгейі, ғылыми/академиялық дәрежесі, Ұлттық біліктілік тестілеуі, санаты, педагогикалық қызмет өтілі, әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі, кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері яғни олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері, ғылыми жобалар, олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері, «Үздік педагог» конкурсының қатысушысы, «Үздік педагог» конкурсының жүлдегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», қоғамдық-педагогикалық қызмет, әдістемелік қызмет пен курстық дайындықтарына балл қойылады, максималды балл – 83 құрайды.

Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Келесі постымда назарларыңызға кандидаттарды бағалаудың талаптары бойынша қалай және қанша балл жинау керектігі туралы жариялайтын боламын.

Айтпағым, өздеріңіз де осы бұйрықтың негізінде талап ете аласыздар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.