ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Облыстағы жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған «Дарын», мектеп-интернаттар және колледж оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалінің қорытынды гала-концерті Түркістан қаласы «Ақжайық» музыка мектебінің базасында өтті.
Фестивальдің мақсаты:Оқушылардың сахна төріне, ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау, жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйсіпеншілігін арттыру, ұлттық өнерді жандандыру, жарқын болашақ пен ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, шығармашылық қабілеттері мен өнері биік жас талаттарды анықтау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 2022 Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.
Өнер фестивалінде білім беру ұйымдары заманауи, тақырыпқа және талғамға сай жасалған ұлттық бұйымдар, әр түрлі заттардың қосынды шығармасы, тұрмыстық қолданбалы бұйымдар, оқушылардың жеке шығармашылық бұйымдары мен ұстаздармен біріккен композициялық жұмыстарының қолөнер көрмелері ұсынылды.
Фестивальге облысымыздағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңдай өнерпаз қатысып, қорытынды концертке сараптаудан өткен 500-дей оқушы өнерлерін ортаға салды. Өнер фестивалінде Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы өнер көрсеткен өнерпаз оқушылар мен жеткшілеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Фестиваль қорытындысы бойынша аудан, қала өнерпаздары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының Алғыс хат, Дипломдармен, қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.