Облыстың білім сапасын қамтамасыз ету басты назарда!

“Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 50-тармағы бойынша білім беру ұйымдары басшы лауазымына үміткерлердің тестілеуді өткізу кезінде Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тәуелсіз байқаушы ретінде бас маман Асель Жантас қатысты.

. Тестілеу электрондық форматта жүргізіледі.

Ашықтықты және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді өткізу орны бейне-аудио тіркеу камераларымен жабдықталады.

Кандидат тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

Тестілеу басталмас бұрын жауапты адам кандидаттарға тестілеу кезіндегі кандидаттарға арналған мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, «Басқарушылық құзыреттер», педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден өтеді.

«ANYQ.KZ»- ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.