![](https://anyq.kz/wp-content/uploads/2022/07/294652228_793287728704966_5637020521886609715_n.jpg)
Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты » Жұлдыздар мекені» бөбекжай- балабақшасында жазғы сауықтырудың жоспарына сәйкес ересек топтар арасында » қыз сыны» байқауы өтті. Іс- шара барысында балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Іс- шараға жауапты тәрбиеші Есеналиева Меруерт балаларға керемет көңіл- күй сыйлады. Шараға басқа балабақшалардан қонақтар шақырылып, келген қонақтар бүлдіршігдердің өнерлеріне өз бағаларын берді. Сайыс соңында қатысушыларға балабақша басшысы тарапынан сыйлықтар үлестірілді.