![]()
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар тарапынан негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегі мен жер телімдеріне қатысты өзекті сауалдар көтерілді. Бұл мәселелер аудандағы халықтың тұрмыс сапасын арттыру мен жұмыспен қамту саясатының басты бағыттары болып табылады.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік қолдау механизмдері мен шешу жолдарын детальды түрде түсіндірді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
– Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрақты жұмыспен қамту және баспана мәселесін заң шеңберінде реттеу – біздің басты міндетіміз. Келіп түскен әрбір өтініш тиісті сараптамадан өтіп, нақты нәтиже шыққанша бақылауда болады, – деді аудан әкімі.
Қабылдау қорытындысы бойынша тұрғындардың барлық ұсыныс-пікірлері мен өтініштері хаттамаға енгізіліп, жауапты мекеме басшыларына орындау үшін мерзімді тапсырмалар берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
