![]()
Отырар ауданында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстардың нәтижесі сараланды.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жұмыспен қамту саласында атқарылған жұмыстар мен белгіленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып, негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндады.
Кездесуде жұмыссыздық деңгейін төмендету, азаматтарды тұрақты еңбекпен қамту, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне басымдық берілді. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі мақсаты – тұрғындардың тұрақты табыс көзіне ие болуына мүмкіндік жасау және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді үйлестіру.
Жиында жұмыспен қамту саласындағы белгіленген индикаторларды уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігі атап өтілді. Аудан басшысы жауапты сала басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, әрбір бағыт бойынша нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Қайрат Жолдыбайұлы жұмыспен қамту мәселесі тұрғындардың әл-ауқаты мен табысын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды бағыт екенін атап өтіп, белгіленген көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. “Жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижелілігі алдағы кезеңде де сараланып, тиісті жұмыстар жалғасын табады”, — деді ол.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
