![](https://anyq.kz/wp-content/plugins/page-views-count/ajax-loader.gif)
01.09.2021 жыл
![❗](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t50/1/16/2757.png)
АЙТЫЛДЫ:
«Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа».
![✅](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t33/1/16/2705.png)
ОРЫНДАЛДЫ:
![🔺](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t1b/1/16/1f53a.png)
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында оқу бағдарламаларын дайындаушылардың жұмыс топтары құрылды.
![🔺](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t1b/1/16/1f53a.png)
Жұмыс топтарының құрамы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №50 бұйрығымен бекітілді.
![🔺](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t1b/1/16/1f53a.png)
7-17 маусым аралығында орта білім беру мазмұнын жетілдіру және оқыту бойынша жұмыс жүргізілді. Оған үздік практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар мен әдіскерлерден 300-ге жуық әзірлеуші қатысты.
![🔺](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t1b/1/16/1f53a.png)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 тамыздағы «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультатив пәндер бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №115 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.