Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: Мұнай-газ химиясы саласын дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аудартты. Мемлекет басшысының шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мұнай-газ химиясы саласын дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластер қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдер ассортиментін (бутадиен, карбамид, терефталь қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) кеңейту.

Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт – пайдалануға берілді; қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт – құрылыс жұмыстары жүруде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын және басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар пысықталды.

Кластердің орталығы болып қатысушыларға өнеркәсіптік алаңдарға, инженерлік коммуникацияларға және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (ауданы 3 600 гектардан астам) бекітіледі. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелген.

Ал газ саласында дамудың бүгінгідей кезеңіндегі стратегиялық міндет – тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту.

Президентіміз Жолдауында атап өткендей, саланың қуаттылығын кеңейтіп, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халық пен экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді.

Былтыр бірқатар газ кен орындары пайдаланыла басталды, одан бөлек жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Президент Үкіметке осы жобалар толық енгізілгенге дейін ішкі нарыққа газды қажетіне қарай бөлуді, ЖЭО мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға ауыстыруға мұқият қарауды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You