Америкалық Boeing компаниясы ауа-райының қолайсыздығына байланысты бейсенбіге жоспарланған 777X ұшағының алғашқы сынағын 24 қаңтарға қалдырды. Бұл туралы компания Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Айта кетсек, өткен жылдың наурыз айында CNN әлемдегі ең ұзын жолаушылар ұшағы Boeing-777X-тің тұсаукесері болатыны туралы жариялаған болатын. Жаңа үлгідегі екі қозғалтқышы бар әуе кемесі әлемдегі ең үлкен жолаушылар ұшағы болмақ.