Қытай дәрігерлері пневмонияның 2019-nCoV коронавирусынан туындаған жаңа түрін емдеудің жолын тапты, деп хабарлады Sina. Дәрігерлер коронавирусқа шалдығып ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта жақсарып келеді. Аталған әдіс арқылы қан оттегімен қанықтырылады екен. Ол Ухань қаласында орналасқан Чжуннань ауруханасында сәтті қолданылды. Дәрігерлердің айтуынша, көп ұзамай ер адам карантиннен босатылуы мүмкін.