СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Түлек — 2022 — Жаңа Қазақстанның ертеңі » атты Мақтаарал ауданының білім ордаларында 9 — 11 — сынып мектеп түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Мақтаарал ауданының бас ұстазы М.Серікбаев түлектерге игі тілегін жеткізді. Барлық түлектерді құттықтап осы «Жаңа Қазақстанның ертеңі» елімізді дамыту түлектердің қолдарында екенін атап өтті.Сонымен қатар М.Серікбаев Мырзакент мектеп — гимназиясына барып аттестат тапсыру салтанатты жиынына қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, бүгінгі іс-шараға қарап, өзінің аттестат алған сәті есіне түсіп тұрғанын айтты. Бүгінгі салтанатты жиынға қатысып, өзімнің сіздер сияқты мектеп бітірген уақытымды елестетіп тұрмын. Сол уақыттағы бойымдағы үміттер, қорқыныш. Оның бәрі әрине түсінікті. Себебі түлектердің алдында ҰБТ, қорытынды емтихандар, жаңа өмір, бастамалар күтіп тұр. Бірақ өз тәжірибем бойынша айта кетейін, қорқынышқа, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ екенінде атап өтті. М.Серікбаев іс-шара кезінде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы да айта кетті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.