САЙРАМ: «ЭРУДИТ» БІЛІМГЕ ҚҰШТАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРЕТІН ОЙЫН

Негізгі мақсат – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

  1. Мақсаты мен міндеті

Білімге деген құштарлықты арттыру, жастарды табысқа жетер жолды білімнен іздеуге шақыру;

Жастардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізу;

Интеллектуалды сайыстар арқылы ортаның бір-бірімен қарым-қатынасының нығайту;

Логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге баулу;

Елімізде зияткер буын қалыптастыруға үлес қосу.

ІІ. Талаптары мен шарттары

Командада 5-10 аралығында адам болу керек;

Қатысушы топтарға ортақ киім үлгісі міндетті;

Интеллектуалды ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

Команда атауы мен қатысушылар тізімін бір күн бұрын whatsapp мессенджері арқылы ұйымдастырушыларға хабарлауы тиіс;

Сұрақтардың барлығы эрудициялық деңгейді талап етеді, негізінен логикаға негізделіп құрылады;

Қатысушыларға сұрақтардың жауаптарын белгілейтін арнайы парақшалар, қаламсаптар, қағаздар алдын ала үлестіріліп беріледі.

IІІ. Өтетін уақыты мен орны

2022 жылғы 28-шілде күні, сағат: 10.00-де;

Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, «Diamond» салтанат сарайы;

Ұйымдастырушы: Сайрам аудандық ішкі сасат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Интеллектуалды ойынның кезеңдері

Интеллектуалды ойын 5 кезеңнен тұрып, әр кезеңде 7 сұрақ қойылады. Жалпы сұрақ 35. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-кезең: Жеңіл сұрақтар;

2-кезең: Орташа деңгейдегі сұрақтар;

3-кезең: Үш факт;

4-кезең: Фото сұрақтар;

5-кезең: Қиын деңгейдегі сұрақтар.

Сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт. Әр кезеңнің жеті сұрағы оқылып біткеннен кейін, ақылдасуға және жауаптарды толтыруға 60 секунд уақыт беріледі.

Әр кезеңнен кейін жауаптар жазылған парақшалар ұйымдастырушылар тарапынан жинап алады. Содан кейін экранға сұрақтардың дұрыс жауаптары көрсетіледі. Сұрақтардың жауаптарына байланысты команда капитаны кез-келген уақытта ұйымдастырушыларға жолығып, түсіндірме сұрауларыңызға болады.

Ескерту: Жауап парақтарын уақтылы бермеген немесе ойын барысында ұялы телефон (смарт сағаттар, құлаққап, т.б) пайдаланған командалардан ұпай шегерілетін болады.

  1. Қорытындылау және марапаттау

Ұйымдастырушылар барлық кезеңнің дұрыс жауаптарын қосып есептейді. Егер ұпай саны бірдей болып қалған жағдайда соңғы кезеңде көп ұпай жинаған команда алға шығады. Ең көп ұпай жинаған топтар ұйымдастырушылар қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.