Сарыағаш: Жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау жұмыстары жүруде

Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің насихат тобы ауданымыздағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2022 жылдың 12 шілде күні «ТАЗА ҚАЛАҒА-ТАЗА ЖАРНАМА» атты тақырыпта аудандық акция өткізді. Акция барысында атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандарының атаулары «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның ішінде ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу керектігі туралы ескертулер берілді.

Осы тұста айта кетейік, «Жарнама туралы» заң 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған. Бұл заң ел аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

Сонымен қатар, осы заңда «Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар» деген заңдық күші бар норма қарастырылған. Бұл нормаға сәйкес ел аумағындағы жарнама қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады, жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауы тиiс.

Міне, осы нормалар жергілікті жерлерде қаншалықты орындалып жатыр? Әсіресе жарнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына қаншалықты мән берілуде? Осы сұрақтар жұртты алаңдататыны анық. Көшедегі маңдайшалардағы ақпараттық құралдарда, бизнес, маркетингке қатысты жарнамаларда шеттілдік терминдерден көз сүрінеді. Әрине, қазіргі ашық ақпараттық кеңістікте өмір сүріп отырғандықтан, біз шеттілдік терминдерден қашып құтыла алмайтынымыз рас. Бірақ, оған тосқауыл қойып, шынайы тіл жанашыры ретінде қазақша аудармасын беруге, баламасын ұсынуға не кедергі?

Акцияны ұйымдастырушылар жоғарыда аталған критерилерді ұстана отырып, тұрғындарға қазақ тілін құрметтеуге шақырды. 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Hi! Someone in my Myspace group shared this website with us so
    I came to check it out. I’m definitely loving the information. I’m bookmarking and will be
    tweeting this to my followers! Great blog and terrific design.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.