Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 тамызы мен 31 қыркүйегі аралығында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және «Балалар жылын» іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын ұйымдастырып отырғандығын мәлімдейді.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» ұранымен ұйымдастырылуда.
Акцияның негізгі мақсаты жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы, сәтсіз отбасы балаларының жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Дәлелсіз себептермен мектепке бармайтын, беймезгіл уақытта үй ауласынан тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру.
Құрметті жүрегі мейірімге толы жомарт жандар мен сауап жасауға асығатын ағайын!
Тәуелсіздігіміздің тірегі, болашағымыздың жарқын келбеті, Отанымыздың берік ұстыны болатын бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына үлес қосуға шақырамыз.
Анықтама үшін телефон:
+77023296660 (Утегенов Ж)
+77788821819 (Асанов И)