Сауран ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша маңызды мәселелер қаралды

Loading

Сауран ауданында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және жұмыспен қамтуды арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ жеңілдетілген несие алуға үміткер D және E санатындағы азаматтарға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Сауран аудандық мансап орталығы», ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы саласының жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланып, жеңілдетілген несиеге ұсынылатын жобалардың сапасын арттыру, азаматтарға мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді түсіндіру және олардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты сүйемелдеу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ауылдық округтердегі бағдарламаның орындалу барысы қаралып, жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалды.

Жиын қорытындысында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, несие алуға үміткер азаматтармен жұмысты күшейту және бағдарламаның орындалу көрсеткіштерін тұрақты бақылауда ұстау бағытында нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You