Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумақтарында қиыршық тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағынаудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылған.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 3 көшеге (1, 2, 8 көшелеріне) 650 шаршы метрге, Тұран шағынауданы бойынша 3 көшеге (21, 14, 24 көшелеріне) 8 550 шаршы метр, Достық шағынауданында 5 көшеге (16, 17, 18, 26, 27 көшелеріне) 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағынауданы бойынша 3 көшеге (атауы жоқ көшеге, 5, 6 көшелеріне) 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге (81, 83, 78 көше) 2 650 шаршы метрге шағал тас төселеді.
Жалпы, Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда. Әзірге жалпы ұзындығы 124 745 шаршы метрге төселді.
Алдағы уақытта Қайнарбұлақ саяжай алабы бойынша 10 көшеге (Буденого, Меренкого, Мичурина, Горького, Островского, Чехово, Пушкина, Белиского, Шевченко, Абай көшелеріне), Бозарық саяжай алабы бойынша 2 көшеге (1, 45 көшелеріне), Асар-2 шағынауданы бойынша 2 көшеге (50, 53 көшелеріне) , Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге (25, 27, 70, 43, 21 көшелеріне), Сайрам тұрғын алабы (атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 5 көшелеріне), Исхиджаб тұрғын алабы ( атауы жоқ 2, атауы жоқ 3, атауы жоқ 4 көшелеріне) шағал тас төселеді.
Нәтижесінде Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 70-80 пайызға артады. Бұл көрсеткішке жету үші 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған. Кешенді жоспар аясында биыл шаһарда 348 шақырым жол жөндеуден өтіп, жыл соңына дейін 271 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға артады. Жалпы, қала аумағында 187 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 164-де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр. Сондай-ақ, қалада биыл 122 шақырым жолға шағал тас төселеді. Ал шалғай жатқан елдімекендердің арасындағы жолдың жайы 2025 жылға дейін жақсарып, толық асфальтталады.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.
O que devo fazer se tiver dúvidas sobre meu parceiro, como monitorar o telefone celular do parceiro? Com a popularidade dos telefones inteligentes, agora existem maneiras mais convenientes. Por meio do software de monitoramento do telefone móvel, você pode tirar fotos remotamente, monitorar, gravar, fazer capturas de tela em tempo real, voz em tempo real e visualizar telas do telefone móvel. https://www.xtmove.com/pt/how-to-monitor-my-partner-cell-phone-without-target-phone/
Dopóki istnieje sieć, zdalne nagrywanie w czasie rzeczywistym może odbywać się bez specjalnego instalowania sprzętu.
I think the admin of this web site is genuinely working hard in favor of his web page, for the reason that here every material is quality based information.