ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«Қоғам бірлігі — Жаңа Қазақстанның негізі» дәл осындай тақырыпта Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ІІІ сессиясы өтті. Алқалы жиында ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

 —Қазақстандағы барлық азаматтың құқығы тең. Яғни, кескін-келбетімізге, ұлтымызға, түсімізге қарап бөлінбейді. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері қаншама жылдардан бері тату-тәтті өмірі сүріп келеді. Ал, бұл әрбір азаматтың танымына тікелей байланысты.  Танымның үш түрі бар: әуелі, өзіңді тану, екінші – қоғамды, мемлекетті, ұлттық құндылықтарды тану, үшінші – әлемді тану, — деді Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Мұқан.

«Тіл- ұйыстырушы фактор» деген ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Қ.Анарбаев еліміздегі этнос өкілдерінің татулығын нығайтып, бірлігін бекем етудегі мемлекеттік тілдің және «Қазақтану» жобасының маңызына тоқталды.

Жиын барысында Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова ел болашағы білімді, әрі еңбексүйгіш ұрпақтың қолында екенін айта келе, оларды тәрбиелеудегі педагогтардың рөліне тоқталды.  Ал, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілері қауымдастығының» кәсіби медиаторы Н.Нұрханов этномедиация тақырыбын тарқатты. «Достық» білім беру орталығының оқытушысы С.Пак пен «HAN» телеарнасының тілшісі И.Нусратуллаева замандастарын мемлекеттік тілді меңгеруге үндеді.

Сессия соңында Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов өңірде этномедиацияны дамыту үшін қарапайым тұрмыстық келіспеушіліктен бастау алып, ұлтараздық сипат алып кететін жағдайларда этномәдени бірлестік төрағалары белсенділік танытуы тиіс екенін атап өтті. Сессия төрағасы Шыңғыс Жұмабекұлы  жиында қаралған мәселелер бойынша бірқатар сала басшыларына тапсырма берді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық  ҚХА қарасты 17 этномәдени бірлестік бар. Миллионнан аса тұрғыны бар мегаполис тұрғындарының 31,3 пайызын түрлі этнос өкілдері құрайды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.