
Шымкент қаласының полиция департаменті Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКб инспекторлары қала тұрғындары мен қонақтарына «Shymkent City Mall» сауда орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу мақсатында халық арасында, құқықтық сауаты мен халықпен жұмысты жетілдіру және әйелдерге “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтын” заңдарын түсіндіру, қиын өмірлік жағдайдан шығу жолдарын түсіндіріп, анонимдік сауалнамалар алды.
Бұл сауалнама Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қазіргі жағдайын, оның себептері мен салдарларын, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаты мен осы мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға бағытталған.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды. Сауалнама анонимді, жеке басыңызға қатысты ешқандай ақпарат талап етілмейді.
Сіз беретін жауаптар еліміздегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықпен жұмысты жетілдіру үшін аса маңызды. Әрбір жауабыңыз – қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлесіңіз!
Сонымен қатар 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салатын заңнама нормасы күшіне енді. Полиция бұл өзгерістер жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шектеу адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын киімдерге – мысалы, никаб пен бетпердеге қатысты. Ал хиджаб, химар, шейла сияқты бет ашық қалатын киімдерге бұл талап жүрмейді.
Медициналық, ауа райына байланысты, қызметтік және спорттық мақсатта киілетін киімдерге қатысты емес.
Сонымен қатар, полицейлер интернет-алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары туралы да түсіндіруде.
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полк командирінің міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Тоқтарбек Аширбаев қала аумағында өткізілген «Бір нүктелік іс-шарасы» аясында жеке құраммен саптық жиын өткізіп, қызметтік тәртіпті нығайту, ішкі тәртіп пен заңдылықты сақтау бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу барысында подполковник Т.Аширбаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – патрульдік полиция қызметінің іргетасы екенін ерекше атап өтіп, әрбір қызметкердің әрекеті ҚР қолданыстағы заңнамасына және ішкі істер органдарының ішкі тәртібіне сай болуға тиіс екенін еске салды. Ол патрульдік полиция халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын, қоғам алдындағы беделі мен жауапкершілігі жоғары құрылым екенін тілге тиек етіп, тәртіп сақшыларына қызмет барысында сыпайылық, төзімділік, сабырлылық пен кәсіби этика талаптарын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.
Полиция подполковнигі әрбір қызметкердің тәртіп пен заң аясында жұмыс істеуі қоғам сенімін нығайтудың негізгі факторы екенін ерекше атап өтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.