«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 18 тұрғын үй салынуда

«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 2020 жылы жалпы 32 көп пәтерлі (1389 пәтер, 83,6 мың шаршы метр) тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


2021 жылы жалпы ауданы 77 356 шаршы метр 18 тұрғын үй (1087 пәтер) салынуда. Атап атқанда, «Damdes құрылыс invest» ЖШС — 6 үй (420 пәтер), «Элит Строй Company» ЖШС — 3 үй (364 пәтер), «Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС — 8 үй  (240 пәтер), «Adiya Group» ЖШС — 1 үйдің (63 пәтер) құрылысын жүргізуде. 

 2021 жылы 668 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұл – жалпы ауданы 44 160 шаршы метрді құрайтын 5 көп қабатты тұрғын үй кешені. 

Сондай-ақ, ӘКК биыл 812 оқушыға арналған 2 мектеп құрылысын аяқтауды жоспарлауда. Сайрам тұрғын алабында 312 орындық мектеп және Құрсай шағынауданында 500 орындық бастауыш мектеп пайдалануға беріледі.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.