ШЫМКЕНТ 2024 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станция А-2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ, Тассай, Құрсай, Р-32, Ынтымақ-2, Абдулабад, Забадам, Қайтпас-1, Нұртас, Асар, Самал-3 шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Осылайша, 14 елдімекен яғни, 136 071 тұрғын сапалы интернетке қол жеткізген болатын. Нәтижесінде Шымкент қаласы аумағының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылды.
Биыл тағы да 12 елдімекенге оптикалық интернет қойылып, мобильді интернет желісімен қамту үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. 2023 жылы 11 елдімекенге, 2024 жылы 10 аумақты қамтып, көрсеткіш 100 пайызға жетпек. Бұл туралы қала әкіміне 1-жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов баяндады.

Осы жылға 71 мың қала тұрғынын қамтитын 12 аумаққа базалық станция орнатылу жоспарға қойылған болса, бүгінде олар бойынша жер телімдері анықталып, инвесторларға ұсынылған. Қазір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Маятас, Елтай, Тоғыс, Бозарықта жеке нысан иелерімен келісу арқылы базалық станция орнатылып, іске қосылды.

Ал, оптикалық интернет қамту үлесін 75 пайызға жеткізу межеленген. Қаладан шалғай орналасқан 15 елдімекенге талшықты оптика желісі қойылады.

Тұрғындардың IT сауаттылығын арттыру мақсатында «CIFRO» және робопарк бағдарламалау мектептері ашылды. Онлайн платформа веб сайттарды әзірлеу, ІОS, андройд платформасында қосымшалар әзірлеу, анимация жасау, ойындар әзірлеу секілді курстар оқытылуда.

Есепті тыңдаған қала әкімі М.Әйтенов салаға тартылатын инвестиция көлемін арттыруды, интернет күшін жоғарылату бойынша қосымша жоспар жасауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейк, былтыр шалғай елдімекендерді интернетпен қамту үшін базалық станциялар қойылған болатын. Мобайл операторлармен бірге жұмыс істелді.  Айтпақшы, қазір қала аумағында 30 қоғамдық орында тегін Wi-Fi қызметі қосылған. Атап айтар болсақ: Орталық саябақ, Абай саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Цитадель, Қошқарата өзені жағалауы, Жеңіс саябағы, Металлургтер саябағы және Дендросаябағында ақылды күнбағыс құрылғылары бар. Сонымен қатар, қалада Wi-Fi тарататын жүйе бар. Астында Wi-Fi аймақ деген белгі қойылған. Былтыр: Арбат, Бәйдібек би, Қазына саябағына, Дендросаябаққа, Наурыз алаңы, Шәмші аллеясына, Қызғалдақ субұрқағының маңына, Әкімдік ғимаратының артқы жағындағы саябаққа және Нұрсәт алеясына қойылды.  Биыл тағы 9 қоғамдық орынға, яғни 25 нүктеге қою жоспарлануда. Осылайша, қаланың барлық қоғамдық жері тегін Wi-Fi-мен қамтылады.

«Аnyq.kz» – ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.