«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент жастар лигасының» жабылу рәсімі өтті. Мектеп оқушылары арасындағы турнир қала әкімінің ұйытқуымен өткен болатын. Қажымұқан стадионында болған салтанатты рәсімде спорттың 4 түрінен жеңімпаздар марапатталды.

Балаларды қорғау мерекесімен тұспа тұс келген шара Шымкенттегі «Қажымұқан» стадионында өтті. Салтанатты жиынның алғашқы бөлімінде футболдан жастар лигасының жеңімпаздары анықталды. Финалдық ойынды тамашалауға мыңдаған адам жиналды.

Жастар лигасы Шымкентте екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жарыс үш ай көлемінде өтті. Биылғы додаға мегаполистің 151 мектебі қатысуға ниет білдірген. Онда оқушылар спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен сынға түсті.

 Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. теңге. Спорттың әр түрінен жеңімпаз командаға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Білім ордасының директорлары бұл қаражатты оқушыларға сапалы білім беру мақсатында мектеп базасын жаңартуға жұмсаймыз деп отыр.

Сонымен:

Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды. Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды. Құрама команда қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді.

Турнирдің жабылу салтанатына қала әкімі де қатысты. Мегаполис басшысы жас спортшыларды жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, жоба мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жобаға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Сандарды сөйлетсек, өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы біріншілікке спорттың төрт түрінен қаладағы 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Осы спорттық жарыстарға төрелік етуге және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылғанын айта кету керек.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. You can use parent management software to guide and supervise children’s behavior on the Internet. With the help of the following 10 smartest parent management software, you can track your child’s call history, browsing history, dangerous content access, apps they install, etc.

  2. Instalación simple y descarga gratuita, no se requieren conocimientos técnicos y no se requiere raíz.Grabacion de llamadas, Grabacion de entorno, Ubicaciones GPS, Mensajes Whatsapp y Facebook, Mensajes SMS y muchas características mas.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.