
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті. Бәсі басым байқаудың қорытындысы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні белгілі болмақ. Жеңімпаз командалар Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.
Сонымен, спорттың шахмат түрінен ұзын-ырғасы 130 команда қатысып, финалдық кезеңге:
Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі;
З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
№2 дарын;
Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы;
Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
№45 мектеп-гимназиясы;
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
№68 жалпы орта білім беретін мектебі;
№89 IT мектеп-лицейі;
№69 жалпы орта білім беретін мектебі;
№88 жалпы орта білім беретін мектептері өтіп, нәтижесінде: І орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейіне бұйырды. ІІ орын – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының еншісінде. Ал, ІІІ орынды Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.
Бұл жоба үш айға созылды. Жоба аясында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен ойындар өтуде. Онда 151 жалпы орта білім беру мектебінен 514 команда қатысуда. Дәлірегі, Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 25, Еңбекші ауданынан – 40, Қаратау ауданынан – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан-клуб командалары жасақталып, 2265 оқушы қамтылды. Жастар лигасы жобасының жүлде қоры – 80 миллион теңге. Яғни мектеп оқушылары арасындағы спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 миллион теңгеден қаржылай сыйлық берілмек. Ал, ол мектеп қажеттілігіне бағытталмақшы. Байқауға демеушілік жасағандар қаланың жеке кәсіпкерлері екенін атап өткен жөн.
«Спорттық сайыс – мегаполис балалары арасында ынтымақты ұйыстыруға зор мүмкіндік. Балғындар табандылыққа, мақсат қоюға машығады» – дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Жобаның бірінші кезеңінде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.