ШЫМКЕНТТЕ «ALAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда.  «ALAN» халықаралық мектебі соның бірі. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ALAN» халықаралық мектебінің құрылыс барысын көрді. Заманауи стандарттарға сай келетін білім мекемесі осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.

Қаратау ауданында орналасқан мектеп 840 оқушыға лайықталған. Мұнда 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алады. Оқу ғимаратында 60 пән кабинетімен бірге ашық және жабық түрдегі спортзал, кітапхана және асхана бар. Оқушылардың ғылыми жұмыстарға бағыттау үшін ғылыми зертханалар жасақтау көзделіп отыр.

Білім мекемесі толық күндік мектеп болғанымен ерекшеленеді. Оқушылар таңғы сағат 8:00-17:00-ге дейін қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған смарт мектебінде қосымша біліммен қамтылады.

Мектеп іске қосылғаннан кейін барлығы 168 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Кадрлар халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде іріктеліп, үш тілді жетік меңгеруі міндеттеледі. Одан бөлек, шетелден білікті мамандарды шақыру көзделіп отыр. Білім беру әдісі STEAM, PBL, TRIZ, CLIL және өзге де әлемнің озық бағдарламасына негізделген.

Сонымен қатар, оқушылар спорт пен шығармашылық үйірмелері және сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыса алады.

Айта кетсек, биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда. Нәтижесінде үшауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды деп жоспарлануда.

Сандарды сөйлетсек, Шымкент  қаласында мектептер саны  – 202.  Олардың 152-і мемлекеттік, 50-і жекеменшік. Оқушы саны –242 525. Кешкі мектеп – 4, оқушы – 736, мамандандырылған мектеп – 5, оқушы – 4 401,  арнаулы мектеп-интернат – 5, оқушы – 836, жекем. – 22, оқушы – 8 706); қосымша білім беру мекемелері – 11, бала саны – 22 515; арнайы мекемелер — 13 ,  бала саны – 725.

Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мектептердің 131-і типтік ғимаратта, 6-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 703 Comments