ШЫМКЕНТТЕ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ӨТІНІМДЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласы баспасөз орталығы осындай мәлімет таратты. Мәліметте, Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша 449 отбасын баспанамен қамту көзделгені жазылған. Ол үшін 4,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініпті.
Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген:
— көп балалы отбасылар,
— толық емес,
мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.
Мамандар, лимиттерді бөлу барысында басымдық — мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетінін айтып отыр.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптарына сәйкес бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үйді сатып алу кезінде азаматтарға берілетін ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды.
Аталған бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкі арқылы ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап қабылданады.
Бағдарламаға шарттары:
— Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;
— Бастапқы жарна — 10%.
Ипотекалық несие 20 жылға рәсімделеді.

Айта кетейік, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағыты арқылы бөлінген лимитке сәйкес 363 отбасы несиелік баспанамен қамтылған болатыын. Оның ішінде көпбалалы –173, толық емес –30, мүгедек бала асыраушы –160 отбасы бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Le logiciel de surveillance de téléphone portable CellSpy est un outil très sûr et complet, c’est le meilleur choix pour une surveillance efficace des téléphones mobiles. L’application peut surveiller divers types de messages, tels que les SMS, les e-mails et les applications de chat de messagerie instantanée telles que Snapchat, Facebook, Viber et Skype. Vous pouvez afficher tout le contenu de l’appareil cible: localisation GPS, photos, vidéos et historique de navigation, saisie au clavier, etc.

  2. Melhor aplicativo de controle parental para proteger seus filhos — Monitorar secretamente secreto GPS, SMS, chamadas, WhatsApp, Facebook, localização. Você pode monitorar remotamente as atividades do telefone móvel após o download e instalar o apk no telefone de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.